Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
20-03-2009 18:00

Біздің мектебімізде 18-20 наурыз күндері Наурыз мерекесіне байланысты іс-шаралар өткізілді. Бұл мерекеде әр сынып ұлы ақын, жазушылардың атымен ауыл-ауылға бөлініп, өз өнерлерін ортаға салды. Әр ауылдың әні, өлең-жырлары, арнау болды. Әр ауыл әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді көрсетті. Тұсау кесу, Шілдехана, Бесікке салу,Сүндет тойы, Тілашар тойы, көрімдік сұрау, байғазы алу, шатыр байғазы алу жолы; т.б. Әр сынып оқушылары Наурыз мерекесіне байланысты ән айтып, ұлттық би билеп, қазақтың ұлттық ойындарын көрсетті.

Оқушылар, келген қонақтар мен ата-аналардың барлығы қазақтың ұлттық киімінде болды. Наурыз-көже таратылып, бата берілді. Наурыз-мерекесі оқушыларға, келген қонақтарға, ата-аналарға ұнады. Бұл мерекені өткізуде тәрбиелік мәні, ұлтын сүю, туған жерге, елге деген сүйіспеншілік, қонақ-жайлық сияқты әдет-ғұрыптарға тәрбиелеудегі маңызы зор болды.