4 сынып оқушылары Д.Багаев атындағы тарихи – өлкетану мұражайына барды. Мұражайда бізді жылы шыраймен қарсы алып, оқушыларға Дмитрий Багаев туралы мағлұмат берді.Мұражай бірнеше бөлімдерден тұрады. Бірінші қабатта электронды терминалдар орнатылған. Оқушылар әрбір терминалды ашып көріп,өздерінің пікірлерін қалдырды. Мұражай қызметкерлері Д.Багаев туралы қысқа метражды фильмдер, фотосуреттерін көрсетті. Мұражай оқушыларға ұнады. Мектепке келген соң оқушылармен пікірталас өткізілді. Оқушылар бір-бірімен өз ойларын бөлісті.