Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қалалық "Мәшһүр-Жүсіп Көпеев оқулары"
21-02-2019 08:52
 Қалалық

2019 жылдың 21 ақпан күні Павлодар қаласының №17 жалпы орта білім беру мектебінде қалалық "Мәшһүр-Жүсіп Көпеев оқулары" өткізілді. "Мәшһүр-Жүсіп Көпеев оқуларының" мақсаты - қазақ руханиятының таным-түсініктеріне мол мағлұмат беретін ұлы тұлғаның шығармашылығы бүгінгі егемен елдің елдігін суреттеуде көркем өнердің құндылықтары ретінде ұлттың сақтаушысы да болғандығын ескере отырып, ұлы баба мұралары арқылы ел өткенің таныту, дала танымын насихаттау. Біздің мектебіміздің намысын қорғауға 4 оқушы жолдама алды. 
Сайыстың қорытындысы бойынша "Білімді зерек адам болам!", - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен" бағытында эссе жазудан 9 "А" гимназия сынып оқушысы Камиева Сабина І дәрежелі дипломға ие болды.  Ал "Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген" бағытында өнер көрсеткен 10 "А" сынып оқушысы Есхожина Дильназ ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жеңістеріңіз құтты болсын! Тек қана биік шыңдардан көрінулеріңізге тілекпеспіз!