Сенім телефоны
87058890632
email: k.bekhozhin_mektebi@mail.kz
Мекенжайы: Павлодар қ., Щедрин көш., 60
8 71 82 22 88 12
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 14.00-ден 16.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Құттықтаймыз!!!
14-10-2019 13:40
Құттықтаймыз!!!

Халықаралық «Бала Шабыт» байқауында Қ. Бекхожин атындағы ЖОМ 6 сынып оқушысы Абылғазы Сұңкар жоғары әртістігі, сахналық бейнесі, ән орындау шеберлігі үшін «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша гран-при иегері атанды. Ол «Фармат» тобының әншісі, композитор Қайрат Баекеновтың «Қазақпын»әнін орындады.

Сұңқар вокалмен шұғылданады 6 жастан бастап мектепте музыка педагогтардың басшылығымен Динара Сағымбайқызы Рахметова мен Рыскелді Мұратбекқызы Рахимбаева. Ол «Балауса - 2018» қалалық байқауының және «Бала дауысы - 2019» қалалық байқауының лауреаты, 2019 жылы «Туған өлке дарындары» қалалық байқауында «Вокал» номинациясы бойынша І орын алды. Мектепте жақсы оқиды, қазақ поэзиясы мен әдебиетін жақсы көреді. Абай оқуларына үнемі қатысады. 2018 жылы қалалық оқуларда I орын, 2019 жылы«Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша I орын, облыстық оқуларда «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша II орын иеленді. Ол волейболмен айналысады.

Байқау 2019 жылы 13 қазанда Нұр-Сұлтан қаласында КазМедиаХоллында өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен 3 18 жас аралығындағы 200-ден астам баласы қатысты. Байқау вокал, хореография, аспаптық орындау, театр шығармашылығы, көркем сөз бойынша өтті. Вокал бойынша қазылар алқасының құрамында педагогтар, танымал қазақстандық орындаушылар, халықаралық байқаулардың лауреаттары Лаззат Омарова, Айдын Жұмабай, Ринат Малцагов болды.

 

.