Сенім телефоны
66-96-82
email: schol_13.pavl@mail.ru
Мекенжайы: Павлодар қаласы, Ломов 45/1 көшесі.
Қабылдау бөлімі: 31-65-93; Директор: 31-65-12; Бухгалтер: 31-63-19;
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
Бір жылда2794882
Бір айда263904
Бір аптада56872
Кеше11048
Тәулік206
«Ұлыстың ұлы күні,Наурыз!»
20-03-2019 21:22
«Ұлыстың ұлы күні,Наурыз!»

19 наурыз күні №13 ЖОМ «Ұлыстың ұлы күні,Наурыз!» тақырыбында ауқымды іс-шара өткізілді.Іс-шараға қонақтар,ата-аналар,ұстаздар,оқушылар түгелдей қатысты.Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып,Наурыз тойын тойлатып,Жаңа жыл келгені барша қауымға жар салынды. Наурыз тойында халық, Қыдыр атаны тағаттана тосатыны сөзсіз. Бүгін де Қыдыр ата келіп,барша халықты Наурыз мерекесімен құттықтап,батасын берді.Қазақ халқы салт-дәстүрге өте бай.Соның бірі «Бесікке салу» рәсімі. Мектебіміздің қазақ тілі мұғалімі Садвакасова Зейнеп Сағидоллақызы бесікке салу рәсімін өткізді. Қазақ халқы көшпелі халық болғанын,көшіп-қонып жүргенде бесікті өздерімен алып жүргенін айтып өтті. Баланы бесікке бөлемес бұрын,  «Тыштыма» рәсімін жасады. Одан кейін бесікті аластап, аластау жолдарын рет-ретімен айтып,соңында бесікке атасының шапаны, әжесінің жаулығы, әкесінің белбеуі, жібек мата жабылатыны туралы айтты. Шашу шашылып,мерекенің соңы үлкен концертке  ұласты.Жиналғандар бір-біріне Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыс бақты болсын! Әр күніміз жақсы болсын! деген тілектер айтып көрісіп жатты.Наурыз мейрамы қонақтар мен ұстаздарға арналған Наурыз дастарханымен жалғасты.Жиналғандарға Қазақша ет, бауырсақ, Наурыз көже берілді.Наурыз мейрамының жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан қазақ тілі мұғалімдері Аубакирова С.Т,Садымова З.А,Кошанова З.А,Қосыбаева А.М,Садвакасова З.С. Осы сәтті пайдалана отырып,барша қазақ халқын Наурыз мейрамымен құттықтаймын.Еліміз аман.жеріміз тыныш болсын!

№13 ЖОМ қазақ тілі мұғалімі  З.С.Садвакасова.