Мектеп директоры Н.Ж.Шакенованың ата-аналар алдындағы есепті кездесуі
2020 жылғы 16 қазанда мектеп директоры Н.Ж.Шакенованың ата-аналар алдындағы есепті кездесуі өтті. Кездесу онлайн режимінде өтті. Кездесуге қамқоршылық кеңесі мүшелері мен жалпы мектептік ата-аналар комитеті мүшелері қатысты. Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды: мектепті қаржыландыру, мектептің материалдық-техникалық базасын жаңарту, оқушылардың оқулықпен және оқу-әдістемелік құралдарымен қамтылуы, жетім балаларды, аз қамтамасыз етілген отбасыларының және АӘК алатын отбасылары балаларын жалпыға бірдей оқыту қоры мен демеушілік көмек бойынша киіндіру.