Алғыс білдіреміз..
1 наурыз күні қазақстандықтар тамаша мереке - Алғыс айту күнін атап өтуде. Бұл күні әкімшілікке, нақтырақ айтсақ 15 жалпы орта білім беретін мектебі директоры Нұргүл Жылқыбайқызы Шакеноваға, директордың орынбасары Айбала Алиевна Аюповаға алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер, сіздердің қажымас педагогикалық күш- жігерлеріңіздің арқасында Павлодар педагогикалық университетінің “ Арнайы педагогика” білім беру бағдарламасы студенттерінің оқу- таныстыру, психологиялық- педагогикалық практикаларды табысты өтулері үшін қажетті жағдайлар жасалған. Әріптестеріме шығармашылық жеңістер, жаңа педагогикалық жетістіктер тілеймін. Мектептің педагогикалық ұжымы мен ППУ- нің жоғары педагогика мектебінің өзара ынтымақтастығы жағымды нәтижелер беретініне сенемін.
Жоғары педагогика мектебінің аға оқытушысы А. М. Утилова.
#Algysym_sheksiz_pvl