2021 жылғы 6 наурызда мектеп директоры Н. Ж. Шакенованың онлайн- режимде оқушылардың ата- аналарымен кездесуі өтті.
2021 жылғы 6 наурызда мектеп директоры Н. Ж. Шакенованың онлайн- режимде оқушылардың ата- аналарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында Павлодар облысы бас санитарлық дәрігерінің 2021 жылғы 3 наурыздағы Қаулысы талқыланды. Ата- аналарға 9 наурызда мектеп оқушыларының барлығы штатты режимде мектепке келуге міндетті екені хабарланды. Сонымен қатар, директор ата- аналардың оқу үдерісінің ұйымдастырылуы мен мектептегі тамақтандыруды ұйымдастыру туралы сұрақтарына жауап берді.