Мектебімізде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл білімінің ұстазы» атты ақпараттық-танымдық сағаты өтті.
Мектебімізде Қазақстан халқы тілдері күніне арналған
«Тіл білімінің ұстазы» атты ақпараттық-танымдық сағаты өтті.
Мақсаты: қазақ халқының әлеуметтік, саяси, мәдени , тарихи өмірінде орны айрықша зор тұлға-Ахмет Байтұрсынұлының оқушылар бойына адамгершілік, ұлтжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді дарыту; ақын, қоғам қайраткері, педагог-ұстаздың құнды мұраларын дәріптеп, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу.
Танымдық сағатты арнайы бастауыш 3-4 сынып паралельдері оқушыларына арналып, өткізілді. Балалар қазақ әліпбиінің авторы, қазақ филологиясы мен өнертанушының негізін салушы ғалым, көрнекті ақын, аудармашы, журналист, ағартушы-ұстаз, композитор әрі орындаушы Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармаларымен танысып, 4 сынып оқушыларының орындауында өлеңнен үзінділер тыңдады. Презентация көрсетіліп, аударма мысалдарымен танысты.
Сабақ соңында балалар ақынның аудармаларынан мультфильмдер көрді.
Танымдық – ақпараттық сағатты дайындап өткізгендер:
Зейнуллин Г.З. ,
Зкенова Г.Ш.
Павлодар қ. № 15 орта мектеп