
Бүгін мектебімізде «Қазақ тілі мен әдебиеті» апталығының жоспары негізінде 7 сыныптар арасында «Наурыз-думан» атты сайыс – ойыны өткізілді.
Мақсаты: оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сайыс шарты бойынша оқушылар жасырынған сұрақ бойынша екі командаға бөлініп, таныстыру, ұлттық киім, ұлттық тағамдарды атау, ұлттық ойындарды тану, салт-дәстүрлерді атау және наурызға байланысты сұрақтарға жауап беру сияқты кезеңдерден білімдерін көрсетті.
Іс-шара қызықты, көңілді өтті. Оқушылар сұрақтарға дұрыс жауап беріп, дәстүрлерді атап, ұлттық ойындар туралы жақсы білімдерін көрсетті, білмегендері туралы естіп, білді. Соңында оқушылар сәлемдесу, қауышу , қол алмасу рәсімдерін көрсетіп, бір-бірін ққұттықтады.
Сайыстан соң үзіліс кезінде арқан тарту, асық ату ойындарын ойнап, қызықтады. Оқушылар шараға белсенді түрде қатысып, жеңімпаздар мен қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шараны дайындап, өткізген: мұғалім Зкенова Г.Ш.