☀️ «Жазға старт» ☀️
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп жанындағы «Ғажайып әлем» лагерінде «Шаттық алаңы» жобасы бойынша мектеп психологы «Жазға старт» атты қызықты әрі көңілді іс-шара өткізді.
Балалар бір-бірімен танысып, достық қарым-қатынасты дамытуға, тиімді қарым-қатынас жасауға және ұжымды біріктіруге бағытталған ойындар мен жаттығуларға белсене қатысты.
Іс-шара көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, балалардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды бастауына мүмкіндік берді.

