10-шы және 11-ші кыркүйекте ата-аналар жиналысы өтті. Бұл жолы атан-аналармен сынып жетекшілерінің кездесуі қазақстанда отбасы күніне сәйкес келді.Ата-аналар алдында директордың орынбасарлары Л.Н.Красноперова ,А.К.Сәтенова,психолог А.А.Хамитова сөз алды.Олардың негізгі ойлары мектептің ата-аналармен байланысы,балаларға деген назар мен сүйіспеншілік және оқушылардың сабаққа қатысуымен,үлгерімі болды.Жиналысқа даму және ойын жобасының жетекшісі Г.А.Галанин қатысты.Оның мақсаты -оқушыларды үйірме мен секцияларға қатыстыру.Бұл жоба мектепте үшінші жыл жұмыс істейді.Осы уақыт ішінде көптеген балалар шахмат,дойбы,тоғызқұмалақ ойындарымен шұғылданды.Жиналыстан соң ата-аналар сынып жетекшілерімен кабинеттерге барып,маңызды мәселелерді шешті. Мысалы:5-ші сынып жетекшілері ата-аналарға " 5-ші сынып оқушыларының бейімделу тақырыбына лекция оқыды."9-шы сынып оқушылары туралы педагогтар емтихан туралы және болашақта еңбекке араласуы туралы сөз қозғады.Кездесу мағыналы және өте мазмұнды түрде өтті.
Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы