"Саулық - өмір нормасы"
24 қазанда біздің мектепте 7-9 сынып оқушылары үшін «Саулық - өмірдің нормасы» атты конференция өткізілді. 9 сынып оқушылары танымдық және қызықты баяндамалар дайындады. Сонымен қатар, әйелдерге арналған кризистік орталығынан психолог шақырылды. Конференцияда зорлық-зомбылық туралы, үй ішіндегі зорлық-зомбылықтан қалай сақтануға болады, ішімдік зияны туралы, ішімдік отбасыларды қалай ойрандатады және бала психикасына қалай әсер етеді тақырыптарында баяндамалар тыңдалды. Берілген шара пайдалы болды және оқушылар алған мәліметке ерекше зейін қойды. Олардың әрбірі өзі үшін қызықты мәлімет алды және белгілі бір қорытындыға келді. Себебі, шынымен де саулық – бұл өмірдің нормасы болып табылады.