"Біздің үй" қоғамдық бірлестігімен "Ойнау арқылы дамимыз" жобасы ұсынылып, іске асырылды. Жобаның мақсаты мүмкіндіктері шектеулі адамдардың тұтынушылық, мүліктік, еңбек және құқықтық қызығушылықтарын қолдау мен қорғау. Басты әріптестері "Павлодар қ. № 15 ЖОМ", "Мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қолдау мен қорғау Павлодар қайырымдылық қоры" ҚҚ, "Самал" оңалту орталығы,"Павлодар қ. №3 спорттық мектебі".
9 ай аралығында № 15 ЖОМ оқушыларын, оның ішінде 80%-ы аз қамтылған отбасы балаларын сабақтан тыс уақытта жүйеленген интеллектуалды спорттық сабақтарға еліктіру және мемлекеттік бюджет қаражаты арқылы мектеп бағдарламасына дойбы, шахмат сабақтарын, ал дене шынықтыру сабақтарына үстелдік теннис пен бассейн қосуылуын жоспарлайды. Жобаның қызметі: мектептің материалдық-техникалық қорын жақсарту және оқушыларды спорттық жабдықтармен қамтамасыз ету, мектепте мәдени-спорттық клубты ашу. Даму ойындарының жүйеленген сабақтары, сонымен қатар, психологиялық тренингтер арқылы кемінде 10% оқушылардың үлгерімін, тәртібі мен денсаулығын жақсартып, олардың өзара байланысын және мектептің қоғамдық мәртебесін күшейту.
Жобаның тиімділігі неде? Берілген жоба бар мәселелерді кемітіп, аздап шешімін табады, мүмкіндіктері шектеулі балалар мен ересек адамдардың өмірін қызықтырып, әлеуметтік қорғайды және қамтамасыз етеді. Жоба өзінің жоғары эффектілігмен тиімді. Ол дамып, бүкіл Қазақстанға таралу мүмкіндігі бар.