Аяулы ана,ұлағатты ұстаз!
Павлодар қаласы №15 жалпы орта білім беру мектебі ММ қазақ тілі мұғалімі Сәлимә Неғматқызы Жағпарова жұмыс істейд і.Оның осы мектепте істегеніне 25 жылдай уақыт болды.Осы уақыт аралығында ол төрт бала өсіріп тәрбиеледі.Балалары Майра,Қымбат,Зайра және Нұрсұлтан ата- аналарының ғана мақтанышы емес,мектептің де мақтанышы болды.Олардың бәрі - қазіргі уақытта жоғары білімді білікті мамандар.Олар өз мамандықтары бойынша қызмет атқаруда.
Ал ,Сәлимә Неғматқызы - мектептегі ең тәжірибелі,ұстаздық жолдағы жетістектерімен өз қатарлаластарымен тәжірибе алмасып,жастарды баланы оқыту және тәрбилеудегі қиындықтарды жеңу жолын көрсетуден жалықпайтын ардақты ұстаз.С.Н.Жағпарова тек қана оқушылармен жұмыс істеген жоқ.Ол мектепте педагогикалық ұжым үйірмесіне көп жылдар бойы жетекшілік етті.Үйірме жұмысының нәтижесі - өзге тілді мұғалімдердің қалалық «Тіл- достықтың құралы» атты қалалық деңгейде өтетін дәстүрлі сайыстарға қатысуы. Сайысқа қатысқан үйірме мүшелері жүлделі орындарға ие болды. Олар –Прокопенко Н.А. - логопед,Квашина А.В. -ағылшын тілінің мұғалімі,Шу У.В.- логопед,ГАНЗИЕВА Л.Д.- БАСТАУЫШ СЫНЫПТАР МҰҒАЛІМІ.
Сәлимә Неғматқызы оқу- тәрбие ісіндегі жетістіктері үшін қалалық білім беру бөлімінің алғыс хаттарымен б3рнеше рет марапатталды.
С.Н.Жағпарованы 60 жылдық№ 15 жалпы орта білім беру мектебінің зейнеткерлер кеңесінің мерейтойымен және ұстаздар күні мерекесімен құттықтай отырып,зор денсаулық,еңбегінің жемісті болып ,.табыстан табысқа жетуіне тілектеспіз.
Павлодар қаласы « №15 жалпы орта білім беру мектебі»ММ
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі.