Тәуелсіздік күні.
№15 ЖОМ – нде Тәуелсіздік күні қарсаңында 10.12.16, 6-сыныптарға, Әбдіғалымова Г.С., Омарова Г.О. және Құндақпаева Н.С. , сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ БИІКТЕ» атты біріккен сабақ өтті және Тәуелсіздік күнімен ұштастырып, қазақ тілі пәні мұғалімі Зейнуллин Ғ.З. 6 «г» сыныбында сабақ өткізді. Сабақтың негізгі мақсаты: Егеменді елеміздің тәуелсіздігін салтанатты түрде атап өте отырып, оқушылар бойында отан сүйгіштік және патриоттық сезімдерін арттыру. Еліміздің ертеңі - өскелең ұрпаққа ата бабамызға талай жылдар арман болған тәуелсіздікке құрметпен қарап, еліміздің мәртебесін асқақтатуға тәрбиелеу.
Оқушылар сабақтың тақырыбымен танысқан соң, әнұран орындап, сабақ басталды.
Тәуелсіздік күніне арналған бейне баянды тамашалап, викторинадан өз білімдерін сынап өтті.
