Әлмұхамбетова А.С. сәрсенбіде 4 «қ» сынып оқушыларымен «Қоңыр күз» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар «Күз» туралы әңгімелеп, ән айтып, жұмбақтар шешіп, өлеңдерді жатқа оқыды. Екі топқа бөлініп, тапсырмаларды орындады. Оқушылар бір-біріне көмектесіп, белсенділік танытты.