
Біздің мектептің мәжіліс залында КТК ("Бәрін білетіндер мен тапқырлар клубы") "Орыс тілінің құпиялары" тақырыбы бойынша сайысы өтті
.Осы шараның мақсаты:оқушылардың ой- өрісін кеңейту,танымдылық қызығушылығын дамыту,логикалық ойлауын жаттықтыру,эрудициясын дамыту,сөздік қорын молайту.КТК екі команда қатысты:"Білгірлер" мен "Ақылдылар".Қатысушыларға тапсырмадар тіл білімінің «Лексика», «Фразеология», «Морфология» және «Синтаксис» бөлімдерін қайталауға бағытталған сұрақтардан құрылған.Кез келген КТК кездесуі сияқты бұл жолы да әзіл - күлкісіз болған жоқ.Жанкүйерлер де назардан тыс қалған жоқ.Олар үшін де тапсырмалар дайындалды.Балалар барынша тырысып бақты.Бұл лайықты шайқас-тапқырлықтың,эрудицияның шайқасы болды.Төрт сайыс барысында жеңімпаздарды бөліп шығару мүмкіндігі болмады.Алайда капитандар сайысы "Білгірлер" командасының алға шығуына ықпал етті.Ойынның барлық қатысушылары тәтті жүлделермен және құнды сыйлықтармен марапатталды.