28.04 2017 жылы жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті. Мұғалімдер мен ата-аналар алдында медициналық мекеме өкілі сөйледі.Өсіп келе жатқан бала ағзасы туралы, ер балалар мен қыздардың жыныстық даму ерекшелігі туралы қызықты материал ұсынылды.
Қыздардың ерте жүкті болып қалуы туралы статистикалық мәліметтер ата-аналардың өз балаларының психикалық және физикалық жағдайын бақылауға алу қажеттілігі туралы қорытынды жасауларына әкеліп тіредіАта-аналарға өздерін мазалайтын сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі жасалды.Психологиялық қолджауды мектеп психологы жалғастырды."Менің әкем" атты бейне ролик көрермендерге ерекше әсер қалдырды.Балаға толыққанды отбасында тәрбиелену қаншалықты маңызды екенін көрсетті.
Тәрбие жұмысы жөніндегі директордың орынбасары ата-аналарға олардың өз балалары үшін қаншалықты жауапты екенінін естеріне салды.Сонымен өатар оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтті.