Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
/Call-центр 8 7182 20-93-11/ 8 7182 21-91-90
Адрес: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Музейде болды
10-11-2017 15:28
Музейде болды

Күзгі  каникул кезінде  3 "А","Б", "В"  сыныптарының оқушылары мұғалімдері    Г.М.Нигматуллинамен, М.Н.Кургузенкомен, С.А.Амреновамен бірге Потанин атындағы  Павлодар өлкетану мұражайында болды. Балалар Ленин көшесінде орналасқан, архитектура ескерткіші болып табылатын ғимараттағы мұражайдың басты экспозициясын тамашалады. Оқушылар облыстық өлкетану мұражайы 1942 жылы "Қазақстанды зерттеу қоғамының" облыстық бөлімінде құрылғаны туралы білді.Төменгі сыныптықтарға әсіресе археологиялық, палеонтологиялық және табиғи-ғылыми топтамасы ерекше ұнады. Біздің оқушылар экскурсия жетекшісіне алғыстарын білдіріп, көктемгі каникул кезінде қайта келуге уәде берді.