Қазақстан Тәуелсіздігі күніне арналған жарыстар
№15 ЖОМ-те 5-6-сыныптар арасында шағын футбол бойынша жарыстар өткізілді. Дене шынықтыру мұғалімдері Р.М.Дуйсекенов пен В.В.Киршина аталмыш шараны жақсы ұйымдастырды. Бұл шараның мақсаты: салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және оқушылардың дене шынықтыруын дамытуға көмек көрсету болды. Оқушылар шараға белсенді қатысты, жарыстарда олар табан тірескен ойын көрсетті. Жеңімпаздар марапатқа ие болды.