Жас ұлан
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу қарсаңында оқушыларды бірыңғай балалар мен жасөспірімдердің "Жас ұлан" ұйымына салтанатты түрде қабылдау өткізілді. Бүгін белсенді деген балалар аталмыш бірлестік қатарына қабылданды. 10 оқушыға салтанатты түрде галстуктер байланды. Директордың тәрбиелеу жұмысы жөніндегі орынбасары Красноперова Л.Н. әрдайым алда болып, жауапты және де адал болуларына тілектестігін білдірді.