Сенім телефоны
/Call-центр 8 7182 20-93-11/ 8 7182 21-91-90
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жеке логопедиялық сабақ
21-12-2017 15:22
Жеке логопедиялық сабақ

Тақырыбы: сөйлеуде  «Л» дыбысын бекіту. Қыс, қысқы қызықтар
Мақсаты: белсенді және сылбырлы сөздікті дамыту мен нақтылау,  артикуляциялық қимылдарды, сөйлеу моторикасын дамыту, байланыстырып сөйлеуде  «л»  дыбысының айтылуын бекіту, сөйлесу қажеттілігін тәрбиелеу.
Жабдықтар: айна, лото, суреттер, сақта, карточкалар.
Сабақ барысы
Дем алу жаттығуы: «Аяз» 3 рет
Артикуляциялық жаттығу:   «л» дыбысын қоюға арналған жаттығулар кешені.
Дыбыстық  қойылым/автоматизациясы:   «Логопедия – оқушы»,  «Л» дыбысын бекіту жинағынан тапсырмалар.
Лексикалық тақырып : 1. Әңгімелесу:  «Қандай қысқы спорт түрлерін білесің?" "Бұл спортшыларға не керек?»
2 Дидактикалық ойын «Кімге не керек?»  
Жарайсың, енді шаңғышыға арнап шаңғылар жасайық.  
3 Дидактикалық ойын «Қатені түзет» (  логикалық ойлауға).
Шаңғышыға шана керек, шанашыға коньки керек. Хоккеистке шана керек.
Балалар қыста шаңғы, велосипед  тебеді, доп ойнайды,  аққала жасайды, секіртпеден секіреді,  хоккей мен футбол ойнайды, күнге қыздырынады,  қардан қорғаныстар жасайды.
4 Әңгіме құрастыру (жеке тәжірибеден) « Аққаланы қалай жасадым » тақырыбында.
5 Сөйлемді "аққала" деген сөбен аяқта.
Біз аққала жасауды шештік.
Біздің ... мұрнын сәбізден жасадық (аққаламыздың).
Біз көршілерімізге  … көрсеттік (аққаланы).
Біз … ойнадық (аққаламен).
Біз  … туралы айттық  (аққала).
6 Дидактикалық ойын «Заттың белгісін тап»:
шырша (қандай?) - …, мереке  (қандай?) - …, шырша ойыншықтары (қандай?) - …, Аяз Ата (қандай?) - …,Ақшақар (қандай?) - …, балалар (қандай?) - …, сыйлықтар (қандай?) - … .