Пән апталығы
Дүйсенбі күні №15 ЖОМ-де орыс тілі мен әдебиеті апталығы өткізілді. Ал бүгін 10-сыныптары арасында өте қызықты лингвистикалық марафон өтті. Шараны орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі К.Р.Рушанова өткізді. Балалар станциялардан өтіп, әртүрлі тапсырмаларды орындап отырды. Шара бойына балалар бәсекелесіп, серіктесіп отырды. Балалар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, қызықты оқиғалар туралы айтты. Сонымен қатар, мәтіндегі қателерді түзетіп, орыс тілі бойынша білімдерін көрсетті.10 "Б" сыныбының командасы жеңімпаз болды. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтар алды.