"Who wants to be a millionaire"
15.02.2018 жылы шет тілдері апталығы шеңберінде 8 "А" сыныпта "Who wants to be a millionaire" атты интелелктуалды ойын өткізілді. Барлығына белгілі ойын форматында балалар Қазақстан, Ұлыбритания және АҚШ туралы сұрақтарға жауап беріп, өздерінің білімдерін көрсетті. Оқушыларға сұрақтарға жауап беруге көмек көрсетіліп отырды: 50*50, досыңа қоңырау шалу және залдың көмегі. Әсіресе Таянчин Даниил, Мельников Павел, Витковский Сергей және Шарлай Александр ерекше көзге түсті. Балалар оқып жатқан ағылшын тілін қолдана отырып, сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп отырды.