Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Логопедтік сабақта
12-09-2018 15:27
Логопедтік сабақта


Логопедтік сабақтар түзетулік оқытудың негізгі формасы болып табылады және сөйлеудің барлық компоненттерін жүйелі түрде дамыту үшін қолданылады. Жеке сабақтардың басты мақсаты сөйлеудің дыбыстық жағын қалыптастыру болып табылады, ол үшін дайындық артикуляциялық жаттығулар, сөздердің буындық құрылымын дамытатын жаттығулар,  фонематикалық қабылдаулар, әр баланың  мүмкіндігі ескеріліп, ақаулы дыбыстарды айтуын түзетулер жүргізіледі. Топтық сабақтарда  сөйлеу қабілетінің бұзылуы ұқсас балалар біріктіріледі. Олармен дыбыстарды автоматизациялау, сөздікті кеңейту, байланыстырып сөйлеуді дамыту бойынша жұмыстар жүргізіледі. тілдің лексикалық-грамматикалық формаларын дамытуға арналған әрбір сабаққа балалардың психофизикалық жүйесін қалыптастыратын тапсырмалар енгізіледі. Тапсырмалардың барлығы әрекет барысында балалардың ойдан шығаратын ертегілері мен әңгімелерінің сюжеттерімен немесе лексикалық тақырыптарымен біріктіріледі. Балалардың дұрыс сөйлеуін қалыптастыруға арналған сабақтар қатаң жүйелілігімен ерекшеленеді. Олар кем дегенде аптасына екі рет өткізілуі тиіс. Дыбыстарды дұрыс қою жеке сабақтарда жүзеге асырылады, ал одан әрі жұмысты топтық сабақтарда өткізуге болады. Бұл мақсат үшін қазіргі кезде бір дыбысты айтуы түзетіліп жатқан балалар біріктіріледі. Осылайша үш-төрт адамнан тұратын топтар құрылады. Балалардың сабаққа деген қызығушылықтары ойын кезінде, оларға өздері белсенді түрде қатысқан кезде арта түседі. Сондықтан логопед сабақтарды әртүрлі етіп құрастырады: бір жағдайда бұл ойын түрінде болса, келесіде - сабақ-спектакль болады, онда балалар спектакльге қатысушылар және көрермендер болады, үшіншіде - олар мұғалім және оқушылар және т.б. Педагог жиі жағдайда сабақтарында әдебиет кейіпкерлерін, арнайы дайындап алған панноларды, сюжеттік және пейзажды суреттерді қолданады. Сабақтарды осылайша құрастыру балалардың жиі жағдайда психикалары тұрақсыз болып,  тұрақсыз психоэмоционалды жағдайда болып, жұмыс істеуі төмендеп, тез шаршауына байланысты бүкіл сабақ бойы тұрақты зейін мен қызығушылықты тудыруына мүмкіндік береді. Тез шаршап қалатын және жұмыс істеу қабілеті төмен соматикалық әлсіз балаларға үнемі көңіл бөлініп отырылады. Сондықтан сабақтың ортасында бұлшық ет күшін төмендетуге арналған динамикалық сәттер өткізіліп тұрады. Физминуттер, саусақ жаттығулары және  сөйлеу ырғағымен басқа да тәсілдер қолданылады.