Сенім телефоны
/Call-центр 8 7182 20-93-11/ 8 7182 21-91-90
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Қамқоршы күні"
30-10-2018 14:37

Мектебімізде қамқоршылар күніне арналған салтанатты шара өткізілді. Бұл шараның мақсаты отбасы шығармашылығын  және отбасы мен мектептің бірлесіп жұмыс істеуін дамыту, оқушылардың асырап алған ата-атаналарына деген сүйіспеншілігі мен құрметін, өз отбасына деген мақтанышын тәрбиелеу, оқушылардың отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру болды. Қамқоршылар күніне концерт ұйымдастырылып, онда оқушыларымыз ана туралы тақпақты оқып берді, ал Артур Шляпцев пен Аза Лошкина қазіргі заманғы биді билеп берді. Мектеп ұжымы қамқоршыларға алғыс ретінде музыкалық сыйлық жасады: ата-ана шаңырағы туралы лирикалық ән орындалды. Сондай-ақ,  "Менің отбасым - менің байлығым" атты оқушылар суреттерінің көрмесі ұйымдастырылды, психолог А.А.Хамитова "Балалар қауіпсіздігі туралы" ақпараттық минут өткізді. Қамқоршы күнін мерекелеу барысында мектеп директоры Н.Ж.Шакенова қамқоршыларға қайырымдылықтары мен мейірімділіктері үшін алғыс хаттар табыстады. Одан басқа, Павлодар облысының кәсіпкерлік пен сауда баскармасы кәсіпкерлігін дамыту бөлімінің басшысы, демеуші Д.Н.Шаймарданов сыйлықтар табыс етті. Концерттік бағдарламадан кейін қамқоршылар  дастархан басына шақырылып, шай іше отырып, болашаққа деген жоспарларымен, балалары өнер көрсеткен концерттен алған әсерлерімен бөлісті. Аталмыш шара жетім балаларды, ата-ана қамқорынсыз қалған балаларды  отбасы тәрбиесіне алған отбасылары мен мектеп арасындағы байланыстың нығая түсуіне, сонымен қатар, балалардың қамқоршыларына деген сүйіспеншілігі мен алғыс сезімдерін тәрбиелеуге де мүмкіндік берді.

Бала құқығын қорғау бойынша инспектор  А.К.Аманкулова