"Сенің мейірімің"
"Мейірімділік - әлсізді күшті, күштіні қайырымды етеді, ал бүкіл әлем таза және жарқын бола түседі". Осындай ұранмен 5-сыныптарда "Сенің мейірімің" атты тақырыпта сынып сағаты өтті. Оқушыларға "Мейірімділік туралы әңгіме" бейнеролигі көрсетілді. Балалар осы бейнеролик туралы өз пікірлерін білдіріп, мейірімділік ғажайып істер жасай алатынын түсінді. Сынып сағаты мақсатына жетті. Балалар өздерінің мейірімділікке деген қарым-қатынастарын білдіретін смайликтердің суреттерін салды.