"Жасөспірім" клубы
"Жасөспірім" клубы мүшелерінің ақпараттық сағатына 10-сынып оқушылары шақырылды. Мәжілісті әлеуметтік педагог, клуб жетекшісі Г.К.Сексембаева өткізді. Шара міндеттері: "күш көрсету", "қатыгездік", "жанжал" түсініктерінің маңызын ашу, қатыгездікке қарсы қарым-қатынасты тәрбиелеу болды. Мәжілісте оқушылар қатыгездік пен күш көрсету жағдайларына қорытынды жасады.