№15 орта мектебінің оқушыларын бірыңғай "Жас ұлан" және "Жас қыран" балалар-жасөспірімдер ұйымдары қатарына қабылдауға арналған салтанатты сап түзеу өткізілгені туралы ақпарат.
№15 орта мектебінде оқушыларды бірыңғай "Жас ұлан" балалар-жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдауға арналған салтанатты сап түзеу салтанатты түрде өтті. 1-4-сынып оқушылары "Жас қыранға", ал 5-10-сынып оқушылары "Жас ұланға" қатысты болады. Жаңа қозғалыстың өз атрибуты бар - еліміздің тәуелсіздік нышаны - қалықтаған бүркіт пен алтын адам бейнеленген эмблемасы бар көгілдір галстуктер. "Жас ұлан" - бұл балалар мен жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған балалар-жасөспірімдер ұйымы. Бүгінде таңдаулы деген балалар, белсенділер, мектеп намысын қорғаған оқушылар аталмыш бірлестік қатарына қабылданды. 21 оқушы "Жас қыран" қатарына қаылданса, 8 оқушы "Жас ұлан" қатарына қабылданды. Қатысушылардың ду қол шапалағымен галстуктер байланып, мектеп директоры мен сынып жетекшілері жақсы тілектерін білдірді. Балалар ұйымы - бұл толыққанды жеке тұлғаның қалыптасу көзі, қоғамның белсенді мүшесіің, азамат пен патриоттың, бастысы адамның қалыптасу бастауы.
Аға тәлімгер: А.С.Аширбекова