№15 ЖОБМ-нің екінші сынып оқушылары қысқы каникул кезінде Г.Потанин атындағы өлкетану мұражайында болды. Біздің балалар үшін бұл мұражайға топпен алғаш рет барулары. Оларды ғимараттың ішінде не күтіп тұрғанын ешкім білген жоқ, барлығы бәрін өз көздерімен көруге асықты. Мектептегі дүниетану сабақтарында біз туған өлке, қала туралы көп әңгімелесіп, бұрын адамдардың қалай өмір сүргендерін, тұрмыстары мен салт-дәстүрлері туралы білген болатынбыз.
Балалар өлкеміздегі жануарлар мен өсімдіктер туралы көп біліп, жануарлар мен құстардың, жәндіктердің тұлыптарын көрді. Бұрын адамдардың қандай киіммен жүргендерін көріп, әшекей заттармен, ыдыс-аяқпен және көптеген басқа заттармен танысты. Балалар экскурсоводтың сұрақтарына белсенді және қызығушылықпен жауап берді. Балалар экскурсия кезінде суретке түсті.