Жыл сайын елімізде "Қамқорлық" акциясы өткізілуде, оның мақсаты - мұқтаж балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсету, оқушылардың әлеуметтік себептерге байланысты сабақтарға келмеуінің алдын алу болды. "Қамқорлық" айлығына біздің Павлодар қаласының №15 мектебі де белсенді қатысты. Әлеуметтік педагог кабинетінде мұқтаж балаларға гуманитарлық көмек көрсетілу үшін қабылдау пункті құрылған. Мектепте "Қамқорлық" тікелей жүйесі телефонының қызметі де ұйымдастырылған. Акция басталған алғашқы күндерден бастап ондаған отбасыларына киім мен аяқ киім түрінде көмек көрсетіліп, әлеуметтік-құқықтық және психологиялық мәселелер бойынша кеңес берулер өткізілді, ал заңгерлік мәселелер бойынша - ата-аналар арнайы мамандарға жіберіледі. Сауықтандыру мақсатында тегін жолдамалар бойынша аз қамтамасыз етілген отбасы балалары бір жыл бойы Мичурин ауылындағы "Балдәурен" оқыту-сауықтыру орталығына жіберіледі.
"Қамқорлық" акциясы