Халықаралық «Я OFFLINE» интернетсіздікке арналған Республикалық кең масштабты балалар акциясы негізінде Павлодар қаласының №15 ЖОБМ-де шаралар жоспары құрылды. 2019 жылғы 23 қаңтардағы шаралар жоспарына сәйкес ДТЖО Б.К.Капбасова педагогикалық ұжымды Халықаралық «Я OFFLINE» интернетсіздікке арналған Республикалық кең масштабты балалар акциясы негізіндегі концепциямен таныстырды. 1-10-сыныптардың сынып жетекшілері Интернетті қолдану мәдениетін арттыру мақсатында ересектердің жауапкершілігімен интернет-қызметін қолданушылардың кәмелетке толмағандардың интернет-белсенділігіне бақылау жасаудағы Концепциясы бойынша ата-аналарға хабарланды. 2019 жылғы қаңтардың 25-26-сы күндері сынып жетекшілері «Я OFFLINE» тақырыбы бойынша интернет тәуелділігінің алдын алу мақсатындағы сынып сағаттарын өткізді. Өткізілген шаралар қорытындылары бойынша 1-4-сыныптардың оқушыларына арналып "Мен бір күнді интернетсіз қалай өткіздім" атты сурет көрмесі ұйымдастырылды, 5-10-сынып оқушылары «Я OFFLINE» тақырыбында эссе жазды.