"Біздің өміріміздегі дәрумендер" көрмесі
Мектепте оқушыларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету, денсаулықтарын нығайтуды, дұрыс және мәдениетті түрде тамақтану дағдыларын қалыптастыруды, дұрыс тамақтануды насихаттауды жүргізу мақсатында және шаралар жоспарына сәйкес Павлодар қаласының №15 ЖОБМ-де 1-4-сыныптардың сурет көрмесі, 5-7-сыныптардың парақшалары, 8-9- сыныптарының буклеттері бойынша "Біздің өміріміздегі дәрумендер" тақырыбында көрме өткізіліп, онда балалар белсенді түрде қатысты. Бастауыш сыныптар оқушылары өздерінің суреттерін, ортаңғы буын оқушылары сынып жетекшілерімен бірге парақшалар мен буклеттер дайындады.