"Қайырымдылық" акциясы
"Қайырымдылық" акциясына Павлодар қаласының №15 мектебінің ұжымы қатысуда. Акцияның бірінші күндерінен бастап 18 оқушыға киім, аяқ киім мен кеңсе тауарлары түрінде көмек көрсетілді. Бүгінгі күні жалпыға бірдей оқыту қорынан 4 оқушыға демеушілік көмек есебінен аз қамтамасыз етілген отбасыларының 14 оқушысына көмек көрсетілді.