"ПМПУ студенттері балаларға кітаптар оқиды"
2 сәуір күні Х.К.Андерсеннің туған күні балалар кітабының халықаралық күні ретінде мерекеленуде. Осы күн аясында ПМПУ-нің Е.Бекмаханов атындағы Ғылыми кітапханасы, "ПМПУ студенттері балаларға кітаптар оқиды" атты волонтерлік қозғалысы №15 ЖОББМ ММ 3-сыныптар оқушылары үшін балалар кітабының мерекесін ұйымдастырды. Домбырашылар, аниматорлар Розочка мен Дос, фокусшы Маг, бишілер мен әншілер балаларға жағымды эмоциялар сыйлады. Әсіресе балаларға ертегілер беттері бойынша викторина, би флеш-мобы, ойындар мен көрме өте ұнады. Мереке соңында әрбір қонаққа кітап сыйға тартылды.
