Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жалпықалалық ата-аналар конференциясы туралы
13-04-2019 21:35
Жалпықалалық ата-аналар конференциясы туралы

2019 жылғы 3 сәуірде сағат 10.00-де Павлодар қаласының №39 ЖОББМ-де "Отбасы және мектеп - балалар құқығын қорғау мен қамтамасыз етуде тең құқылы серіктестер" атты  бірыңғай жалпықалалық ата-аналар конференциясы шеңберінде жалпықалалық ата-аналар конференциясы өткізілді. Конференция осы кезде қаланың барлық мектептерінде де өтті, оларға ата-аналар, психологтар мен педагогтар қатысты.

 Мақсаты: ата-аналардың құқықтық мәдениеті деңгейін арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, білім беру мекемелерінің отбасыларымен ара қатынасын жетілдіру.

Конференцияда отбасы мен мектептің серіктестігі туралы, ата-аналарды балалар құқығын қорғау мәселелері бойынша нормативті құжаттармен таныстыру, ата-аналардың тәрбие кезінде туындайтын  мәселелері, қарастырылды.

 Бастысы ата-аналарға шындықты жеткізу болды: Сапалы тәрбие тек қана ата-аналар мен педагогтердің бірігіп жұмыс істеуі барысында ғана мүмкін болады.

 Ата-ана мектепке керек екенін және мектеп онымен үнемі және жүйелі түрде жұмыс істейтінін сезінуі тиіс.