Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Отбасы тәрбиесі - азаматтылық пен өскелең ұрпақты қалыптастыру негізі"
16-05-2019 16:06

2019 жылғы 15 мамырда мектебімізде "Отбасы тәрбиесі - азаматтылық пен өскелең ұрпақты қалыптастыру негізі" тақырыбы бойынша жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өткізілді. Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды отбасы мәселелерін талқылауға тарту, олардың балаларды тәрбиелеудегі  жауапкершілігі мен  рөлін арттыру болды. Жиналыс құттықтау концертпен басталды, онда мектеп ұжымы мен оқушылар ата-аналарды Халықаралық отбасы күнімен құттықтады. Мектеп директоры Н.Ж.Шакенова мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысып жүрген ата-аналарды алғыс хаттармен атап өтті. Ата-аналар жиналысы барысында келесі мәселелер қаралды: "Рухани жаңғыру" бағдарламасы рөлінің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі, ата-аналар мен мектептің  өзара қатынасын күшейтудегі  отбасы құндылықтары, оқушылардың қорытынды аттестациясы, оқу жылының қорытындысын шығару. Баяндама жасаушылардың сөздері бейне материалдармен сүйемелденді.