Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ақ бұлақ» профильді отряд жұмыстары туралы ақпарат
12-06-2019 13:44
«Ақ бұлақ» профильді отряд жұмыстары туралы ақпарат

«Ақ бұлақ» профильді отряд жұмыстары туралы ақпарат

Павлодар қаласы №15 ОМ «Ақ бұлақ» атты профильді отряд жұмыстары қарқынды өтуде. Сол отрядтың ішінде тілдік мектептер де балалармен қызықты да , тартымды ойын-сабақтарымен балалармен жұмыс жүргізуде. «Тілашар» атты отрядтың бүгінгі тақырыбы:

«Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары».

Мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлттық аспаптарымен таныстыру, аспаптық музыкаға деген қызығушылығын ояту мақсатында, әр аспаптың шығу тарихы мен жасалу ерекшелігі, дыбыс, бояуын түсіндіріп, ұлттық аспап туралы білімдерін жетілдіру міндеті орындалды және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.

Балалар музыкалық аспаптарды сурет, слайд арқылы қарап, топ бөлмесіндегі ұлттық аспап домбыра туралы толық мәлімет алды. Домбыраны ұстап, шертіп те көрді. Соңында балалар есте сақтау қабілеті бойынша музыкалық аспаптар суретін салып көрді. Нақты домбыраның суретін жеке оқушы салып берді. Сонымен қатар күй, күйші, күй аттары бойынша жаңа сөздерді сөздік қорларына қосып алып, тағы да бірнеше сөздерді білетін болды.