Аптаның берекелі бейсенбі күні «Тілашар » тобында балалар асықтар және оның түрлері туралы көптеген мәліметтер алды.
Асық – төрт түлік мал мен қоңыр аңдар сүйектерінен алынады.
Асықпен «Ханталапай», «Үш табан», «Шеңбер» сияқты неше түрлі асық ойындары ойналады. Ойында асықтың сыртқы пішіндері үлкен рөл атқарады.
Асық түрлері: - бүк (асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі);
шік (асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі),
алшы (асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі.),
тәйке (асықтың иіріленде шұңқырлау табаны жерге тиіп, тұрық түсуі )
деп аталады.
Асық ойынының түрлері: құмар, тәйке, омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т. б.
Мәліметтер алған соң, балалар асық ойынымен танысып, күнұзаққа асық ойынын қызығушылықпен ойнады. Асықтар мен асық ойындары балаларға өте ұнады.