Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Менің таңдауым - балаларға көмек!"
23-08-2019 09:44

Жыл сайынғы республикалық "Мектепке жол" акциясы аяқталуда. Демеушілерге көмекке мұқтаж балаларға материалдық көмек көрсетуге өтінішпен хаттар жіберілді. "Мектепке жол" акциясының барысы туралы шағын аудан тұрғындарына алдын ала хабарландыру парақшалары таратылды. Осы бір маңызды шараның өткізіліп жатқанына 10 жылдан астам уақыт болғаны туралы мектеп қабырғасында орналастырылған ЖК "А.В.Пархоменконың" дайындаған баннері еске салып тұрады. Жаңа оқу жылы қарсаңында әлеуметтік әлжуаз отбасыларының оқушылары мектеп формалары мен кеңсе тауарларын алды. Бүгінгі күні мектеп формасы, аяқ киім, рюкзактар мен кеңсе тауарлары  түріндегі материалдық көмекті 44 оқушы алды, оның ішінде жалпыға бірдей оқыту қорынан 36 бала, демеушілік көмек есебінен 8 бала алды. Мектеп әкімшілігі ЖК  "Аружан" басшысы Б.К.Капсалямоваға көрсетілген демеушілік көмегі үшін зор алғыс білдіреді.  Акция "Менің таңдауым - балаларға көмек!" ұранымен жалғасуда.