Сенім телефоны
8(7182)20-93-10
email: sosh15@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар обл, Павлодар қ., Ак.Шөкин көш., 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі: 15:00 с. -17:00 с. Сәрсенбі: 15:00 с. -17:00 с.
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Қашықтықтан оқыту
02-04-2020 10:24
Қашықтықтан оқыту

4-тоқсан жақындап келеді. Елдегі төтенше жағдайға байанысты барлық білім беру ұйымдары, соның ішінде №15 ЖОБМ де қашықтықтан оқытуға көшеді. Қашықтықтан оқыту интернет, телевидение құралдары мен Күнделік платформасы, білімленд, Zoom қосымшасы, ватцап  арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, онлайн режимінде барлық үйірмелер, секциялар, сынып сағаттары мен сыныптан тыс шаралар өткізіледі. Мемлекеттік тілде оқытылатын сыныптар үшін "Балапан", мемлекеттік емес тілде оқытылатын сыныптар үшін "Ел Арна" телеканалдары бойынша жеке кесте бойынша дүйсенбіден жұма аралығында сабатар көрсетіледі. Сабақтардың барлығы кесте бойынша 30 минуттан өткізіледі. Демек, мектептің оқыту-тәрбиелеу үдерісі толық көлемде өткізіледі. Бүгінгі күні ата-аналардың онлайн жиналыстары, сынып сағаттары жоспарланған, сынақ сабақтары өткізілді, әрине техникалық ақаулықтар болды, бірақ, болашақта барлық ақаулықтар жойылып, біз балалармен, ата-аналармен бірігіп, еліміздегі осындай қиын кезеңде еш кедергілерсіз оқудағы барлық қиындықтарды жеңіп шығамыз деп ойлаймыз. Біз алдымызға қойылған барлық міндеттерді орындап, белгіленген мақсаттарға жетеміз деп үмііттенемін. Құрметті ата-аналар, балалар, әріптестер, өздеріңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар.