Биыл ең басты заңымызға 25 жыл толды. Сондықтан біздің бүгінгі сабағымыз Павлодар қаласының №15 ЖОБМ-нің 4Б сыныбында өтті, ҚР Конституциясы күніне арналады. Балалар ҚР Конституциясы - бұл тек қана ресми мереке емес, сонымен бірге құжаттың қабылданған естелік күні, оның арқасына біз өзімізді қазақстандықтар деп мақтанышпен айта аламыз, еңек етіп, армандап, бостандықта өмір сүре алатнымыз туралы тағы да білді. Адамның елімізде қандай құқықтары мен бостандықтары бар , әрбір Қазақстан азаматының қандай жауапкершілігі бар екендігі туралы айтылып, сабақ бекітілді. Балалар алған білімдерін викторина сұрақтарына жауап беріп бекітті және егер әр азамат өз құқығын білуге тырысатын болса, өз жауапкершілігін орындайтын болса, онда Қазақстан әділ және құқықты мемлекет бола түсетіні туралы шешім шығарды.