«Наурыздың ғасырлық дәстүрлері»

Наурыз мейрамы-Қазақстанда көктемгі жаңару мерекесі. Шығыс күнтізбесі бойынша Наурыз-жаңа жылдың басы, көктемгі күн мен түннің теңесуі күнімен сәйкес келеді. Қазақстанда жыл сайын 22 - наурызда атап өтіледі. Осыған байланысты, мектепте «Наурыздың ғасырлық дәстүрлері» атты әндер мен өлеңдер байқауы ұйымдастырылды. Оқушылар бейнероликтер дайындап, онда Наурыз мейрамы туралы әндер мен өлеңдерді жатқа оқыды.