«Грамматикалық лото» лингвистикалық ойыны
Пәндік – әдістемелік апталық аясында орыс тілі мұғалімі Рогатова Г.Е 6 «А» сынып оқушылары арасында «Грамматикалық лото» лингвистикалық ойынын өткізді. Интеллектуалдық тартыста үш команда: «Орыс аюы», «Лингвист», «Дружба» өнер көрсетті. Ойын 3 тур бойынша өтті: «Орыс тілінің секциялары», «Капитандар сайысы», «Көңілді грамматика». Іс-шара серпінді, жанды, құштарлықпен өтті. Ойынға қатысушылар күрделі сұрақтарға жауап бергенін айта кеткен жөн. Жауапқа дайындалу эрудицияны, тапқырлықты және логикалық ойлауды қажет етеді. Тартыста «Орыс аюы» командасы жеңіске жетті. Командалар жақсы білімдерін, топпен жұмыс істеу қабілетін көрсетті, ақыл-ойдың икемділігі мен тапқырлығын көрсетті.