Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оқу-тәрбие үрдісіндегі ұлттық тәрбие» тақырыбында педагогикалық кеңес
2022 жылдың 2 сәуірінде N18 жалпы орта білім беретін мектебінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оқу-тәрбие үрдісіндегі ұлттық тәрбие» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Педагогикалық кеңестің мақсаты: «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда ұлттық тәрбие жұмысын жетілдіру.
Пленарлық бөлімде баяндама оқыған: ЗДВР Шадихан Г.Б. «Рухани жаңғыру – патриоттық тәрбиенің бастауы»; тарих пәнінің мұғалімі Мұқанов А.С. «Асыл мұра» археологиялық тобының жұмысы; бастауыш сынып мұғалімі Ахметова С.А. «Бастауыш мектеп оқушыларын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу»; мектеп тәлімгері Каппарова А.Х. «Азаматтық-патриоттық тәрбие берудегі «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының рөлі».
Шығармашылық зертхана жұмысында көркем шығарма мұғалімі Г.С.Дегтярева., Рахибердинов Г.А., дене шынықтыру пәнінің мұғалімі; Петрова Е.А., география пәнінің мұғалімі; Тасыбаев Н.Ж., АӘД мұғалімі; Мұқанов А.С., тарих пәнінің мұғалімі; қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахметова А.Қ. ұлттық тәрбиені қалыптастырудағы жұмыс тәжірибесін ұсынды;
Педагогикалық кеңестің қорытындысы бойынша «Кездейсоқ сандар генераторы» рефлексиясы өткізілді.