♟ 2026 жылдың 14 ақпанында жауынгерлік іс-қимылдар ардагері А.Е. Әшітовты еске алуға арналған 2-5 сынып оқушылары арасында жылдам шахматтан қалалық турнир өтті.
Бұл додада мектебіміздің намысын 3 «А» сынып оқушысы Сулеев Арлан абыроймен қорғады.
Тартысты өткен ойындар мен қиын партиялар кезінде Арлан нағыз төзімділік пен стратегиялық ойлау қабілетін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша ол «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен марапатталды.
Бұл марапат тек ойын шеберлігін ғана емес, сонымен қатар спортшының ішкі қайратын, соңына дейін күресе білу қасиетін айқындайды.
Арланды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Оған болашақта жаңа сәтті партиялар, нық қадамдар мен жарқын жеңістер тілейміз. Осы марапат шахмат шыңдарын бағындыру жолында үлкен серпін болсын!
Жарайсың, Арлан! Біз сенімен мақтанамыз!
Шахматтан қалалық турнир
