Наурызнама
13 наурыз — бұл тек көктемнің келуі емес, бұл мейірімділік пен жақындық мерекесі. Бүгін біздің мектепте ерекше күн болды. Біз балалармен қауышып, бір-бірімізге ақ тілектерімізді арнадық.
Дәстүр бойынша дастарханымыз жайылып, алтын түстес ыстық бауырсақтар мен тәттілер таратылды. Балалардың жүзіндегі күлкі мен мерекелік көңіл-күй — біз үшін ең үлкен сый.
Ақ мол болсын, жыл берекелі болсын!
