“Ана мен қыз – ай мен жұлдыз”
-
Бүгін мектебімізде мемлекеттік тілде білім алатын 2–4 сынып оқушылары арасында “Ана мен қыз – ай мен жұлдыз” атты дәстүрлі, тағылымы мол жоба өтті.
Бұл жоба қыз балаларға эстетикалық тәрбие беруді, ана мен қыз арасындағы сыйластық пен жарасымды байланысты нығайтуды, ұлттық құндылықтар мен ибалықты дәріптеуді мақсат етеді. Өйткені қыз балаға жан сұлулығымен қатар тән сұлулығының үйлесімді болғаны ерекше жарасады.
