Бүгін біздің мектепте математикалық КВН өтті. КВН-ға "Пифагор" және "Ойшылдар" атты екі топ қатысты. Топ құрамында 5 және 6 сынып оқушылары болды.
Жарыс барлық ережелер бойынша өтті – топты таныстыру, сайыстар, капитандар сайысы, көрермендермен ойын, үй тапсырмасы . Барлық көрермендер ойынға белсене қосылды.
Топ мүшелері барлық сайыстарға құмарлықпен және жеңіске жету ниетімен қатысты .Оқушылардың ойынға алдын-ала дайындалып келгені сезілді, өйткені барлық берілген сұрақтарға , жылдам және негізінен дұрыс жауаптар айтылды. Математика тұрғысынан алуан түрлі тапсырмалар мен сұрақтар елеулі және күлкілі болды (ертегі әдебиеті)
Мұндай іс-шаралар көңіл көтеріп, балалардың білімдерін нығайтып, білетіндерін еске түсіреді. Балалар бір топта ойын ойнап және бірігіп жұмыс істеп, өздерінің жауапкершіліктерін арттырады.
Математикалық КВН